08
апрель
2020
Көмек
Елдегі індет көпшіліктің көңілін қатты алаңдатып отыр. Әлемді жаулаған алапат кәдімгідей қорқыныш пен үрей туғызады. Бұлтты күннен кейін аспан ашылатыны сияқты бұл нәубет те тыйылар. Әр нәрсенің қайыры бар десек, осы бір ауыр кезеңде, жұрт жұдырықтай жұмылып, бірлігі артып, қарап отырмай, қолдан келер әрекетке көшті. Мақсат біреу, дерттің алдын алу.
Біздің "Қаратау" орта мектебінің мұғалімі Қартабаева Нәзира мен "Есейхан" ауылының кітапхана меңгерушісі Алишерова Нағима, осы мектептің кіші қызметкері Қонарбекова Сағат апайлар бетперде тігіп, мектеп оқушыларына және ауыл тұрғындарына тегін үлестірді. Осы апайларымызға мың алғыс! БІЗ БІРГЕМІЗ деген осы...!