"Білім күні 2019-2020"
Білім күнінде 2019-2020 оқу жылының басталуына арналған «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» салтанатты жиын өткізілді. Жиынға ауыл әкімінің орынбасары М.Қамысбаев және ардагер ұстаздарымыз Ә.Байболов, Т.Темірбеков ,А.Байболов мен ауыл қариялары Т.Рахышев шақырылды. Жүргізушілер М.Қойшыбек мен Ш.Тұрғат «Сыңғырла алғашқы қоңырау» жиынына келген қонақтарымен, ұстаздарды және оқушыларды 1-қыркүйек білім күні мерекелерімен және 2019-2020 оқу жылының басталуымен құттықтады. Қазақ елінің биік аспанында тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін деп 11-сыныптың озат оқушылары Жақсымбет Бақдаулет пен Сейдалы Ақтоты Ту көтеру рәсімін ұсынды. Ту көкке желбіреп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, көпшілік қауым тік тұрып қошемет көрсетті.
Алғашқы қоңырау салтанатты жиынды ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Тәженова Шолпан Сатыбалдықызына беріледі. Мектеп директоры
1-қыркүйек -Білім күнімен және 2019-2020 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ардагер ұстаздарымыз Байболов Әбдібек ата, Темірбеков Тұрсынбек ата, Рахышев Түзелбек ата,Байболов Асқар ағай ортаға шығып алғашқы қоңырау мерекемісен құттықтықтады. 3-сынып оқушысы Сұлтан Тахмина «Ұстазым», Апрелбек Асылай мен Пернебек Берекенің «Анамның тілі- аяулы үні» әндерін шырқады. 1 сыныптың озат оқушысы Жаңабек Балжан мен 11 сыныптың озат оқушысы Жақсымбет Бақдаулет Алғашқы қоңырауды соғып,Оспанқызы Дамира «Алғашқы қоңырау соғылды» әні шырқалып алғашқы қоңырау салтанатты жиыны аяқталды. Жалпы Республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өтілетіні туралы ата-аналарға 2-қыркүйек күні барлық сыныптарда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өтіледі келіп қатысыңыздар, сабақ сағат 8.15-те басталатыны туралы хабарланды. «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты патриотизммен азаматтылықтың алғашқы білім сағатында тәрбие сағаттары өтілді. Мемлекеттік рәміздер туралы оқушыларға айтылды. Ту, Елтаңба, Әнұран туралы өлең шумақтарын жатқа айтқан оқушыларға мұғалімдер рәміздер туралы, олардың мемлекет үшін, әр қазақ үшін құндылығы туралы ұғындырды. Әр дүйсенбінің бірінші сабағы ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталады.