Тарихымыз - СШ Каратау http://karatau-talas.mektebi.kz/ ru Тарихымыз - СШ Каратау DataLife Engine Мектеп тарихы http://karatau-talas.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/1-mektep-tarihy.html http://karatau-talas.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/1-mektep-tarihy.html Мектеп тарихы 

 

Мектеп-келешек ел басқарар, жер суына иелік етер, ел-халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер, жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя, рухани өмір ұясы. 

        Жамбыл облысы, Талас ауданы, Есейби ауылында 1956 жылы іргетасы қаланған қасиетті қара шаңырақ  2006 жылы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап  өтті. 

       Өткенге көз жіберіп мектеп тарихына үңілсек, ең алғаш "Қаратау” бастауыш мектебі болып, ашылып, алғашқы мектеп  үйі ғимараты қазіргі зейнеткер ұстаз  Темірбеков Тұрсынбек ағамыздың үйінде орналасып, ең алғашқы  мұғалім Байболов Әбдібек ағамыз болған екен. Кейін мектеп үйі қазіргі мешіт үйінде "Қаратау” жеті жылдық мектебі болып кеңейтіліп, директоры Абдуллина апайымыз болыпты. 

         1955-1956 оқу жылында сынып саны артып,”Қаратау” орта мектебі болып қайта құрылған. Мектептің "Қаратау”  атын алып, оқушы қабылдап, дәріс бере бастағанына 50 жыл, ал орта мектеп болып, қазіргі екі қабатты ғимратта  оқығанына 40 жыл толып отыр. 

         Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптастыруда мектеп негізгі міндет атқарады. 

           Мектептің қалыптасуына өз үлестерін қосып, басшылық жасап, аяғынан тік тұруына ықпал еткен мектеп  директорлары: 

Айтбеков Әбделі 

Әлиев  Әбдуәли 

Сметов Айнақұл 

Оразбекова Бекзада 

Сауытов Бөлекбай 

Асанов Мизам 

Байболов Асқар 

Жарболав Бекден 

Досжанов Жұмат 

Қылышбеков Аман 

Батырбеков Анас 

Сүгірбек  Тәттікүл 

Сияқты ерен азаматтардың еңбектерін қалай атап өтпессіз? 

    1956-2006 оқу жылдары аралығында мектеп қабырғасынан 2890-нан астам түлек қанат қағып ұшып, олардың 6-ауы Алтын медаль, 8-і күміс, 11-і ерекше куәлікпен бітіріп, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі мамандық иелері болып еңбек етуде. 

             Қоғамдық өміріміздің рухани күн шуағы-білім, ғылым. Ал оны адамзат бойына сәуле етіп дарытып, жан азығының толымдылығына себепкер жандар – ұстаздар екені шындық. Осы орайда шал ақын: 

                      "Білімің болса дағы ұшан- теңіз, 

                         Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей”,-деген өлең жолдарын әсте осы ұлағатты ағартушылар еңбегін  бағалаудан айтса керек-ті. Мұғалімдер еңбегінің жарқырай көрінер тұсы – шәкіртінің білімділігімен айқындалмақ. Олай болса, мектеп ұжымын Қазақстанның Қырғыз еліндегі елшісі Әлбергенов Боранбек ағамыз, Тараз қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бастығының орынбасары Қосатбекова Күләш әпкеміз, Жамбыл облыстық сотының судьясы Бейсенова Үрпатша әпкеміз, экономика ғылымдарының доценті Қайранов Мергенбай ағамыз, техника ғылымдарының кандидаты Қамысбаев Марат, Талас ауданы маслихаты депутаты, Қасқабұлақ мектебінің директоры  Мұстафаев Сулходин, техника ғылымдарының докторы Қансейітов Манас, облыстық қаржы полициясының қызметкері ақбердиев Сұлтан,аудандық қаржы полициясының бастығы Байдалиев Мақсат,астана телекоммуникация торабының бастығы Әбдіқұлов Тауғазы, Тараз құрылыс дизайн жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастығының орынбасары Бекбердиев Ғазиз, Талас аудандық мәденит үйінің директоры Асылбекова Рабиға,Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары Тәттібаев Сағынтай, Торланбаева Нұрсұлу, Алтынсарин атындағы мектеп директоры орынбасары Ақбердиев Нұрлан, Бөлтірік Әлменұлы мектебі  директорының орынбасры Мелдебекова Гауһар, Қ. Қошмамбетов атындағы мектеп директоры Нұрбеков Әділжан, М. Әуезов мектебі директорының орынбасары Көшенов Кәрібек, Астана "Қуат” фирмасы бөлімше бастығы Қансейітов Жарас, Талас аудандық ауруханасы гинекология бөлімі меңгерушісі Мұратова Дариға, гинеколог-дәрігерлер- мұратова Шолпан, Қожабеков Еркебұлан,реанимауия бөлімі меңгерушісі Үсіпәлиев Айтқан, тараз қалалық ауруханасының анестезиологы Мұсаев Ғамзад, майталман кәсіпкерлер Сейдуалиев Мүшат,Шомаев Қамбархан, Сабырхан, Әділхан, Сайрамбек, Нағима сынды түлектердің есімін әрқашан мақтаныш тұтады. 

             "Ұстаз”- кең мағыналы, берері көп, беделі жоғары ұғым, ұнамды сөз. Адамзат көңілінің көкжиегін нұрландырған ағартушылық қызметтің мәңгілік мәртебесіне тағзым етпейтін жан жоқ.Өйткені, болашақ өміріміздің келбетінің қалыптасуына тірек болар тәуелсіз еліміздің жеткіншектеріне сапалы білім бере отырып, сара бағытқа нұсқауда ұстаздар еншісінде. 

          Ұстаз- кез келген  адам үшін құрметті, өйткені тағдырын мұғаліммен жалғастырмайтын, өмір жолын, еңбек бастауын ұстаз өнегесімен ұштастырмаған адам табылмаса керек. 

                          Бойында нұр өмірдің, 

                          Ұшырған түлегіңмен. 

                         Жүресің мұғалімім, 

                         Төрінде жүрегімнің. 

                          Лебізің жылылықтың 

                       Лебі деп ұғыныппын. 

                        Үлгісі өзің ғана 

                        Ұлағат ұлылықтың. 

Иә, осы бір қарапайым шумақтардан өзінің бойындағы барын шәкірттеріне аямай, ұзақ жылдар тынымсыз еңбек еткен  математикапәнінің мұғалімі Шарипов Сейіткәрімнің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мелдебеков Забибулла, математика пәнінің мұғалімі Мақышев Мүбарак, тарих пәнінің мұғалімі Досжанов Жұмат сынды ұстаздардың алдынан дәріс алып, бүгінгі күні азамат болып қалыптасып, өмірден өз орнын табуына осы кісілерден алған тәлім тәрбиенің септігі аз болмағанын барша мектеп түлектері мойындап отырғаны аян. Бүгін қоғамның жанашыры, өз мамандықтарының майталмандары ортамызда жоқ. Біз үшін аяулы ұстаздардың есімдері әрқашан жадымызда. 

                  Қазіргі таңда мектепте 240 бала оқып білім алуда.       Оларға 

ҚР білім беру ісінің үздігі 

Т. Сүгірбек 

 Л. Бекбердиева. 

                   4     жоғарғы  санатты 

екінші санатты ұстаз білім мен тәрбие беруде. 

    Олар осы мектептің педагокикалық ісінің шеберлері атанған ардагер ұстаздар  Ә. Байболовтың, Т. Темірбековтың, Б. Қабылбековтың, 

З. Сүлейменованың, А. Қартабаеваның  еңбек үрдістерін жалғастыруда. 

             Мұғалім білм саласындағы басты тұлға. Ы. Алтынсарин сөзімен айтқанда, "мектептің жұмыскер  жүрегі”. Мектеп мұғалімдері кәсіби шеберліктерін шыңдап, ұшқыр ойлы, жаны таза, қисынды ойлай білетін дара тұлға тәрбиелеуде. 

    Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде соңғы 3 жылда, яғни 2004 жылы білім сапасы 57%   құраса, 2005 жылы 68%, 2006 жылы 70%  құрап отыр. 

      Аудандық пәндік олимпиадаға 2004 жылы қатысқан 12 оқушының  10% жүлделі орындарды иеленсе, 2005 жылы 13 оқушы қатысып 22% , ал 2006 жылы 11 оқушы қатысып 73%  жүлделі орындарды иеленіп отыр. 

         Оқушыларға білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген мектеп мұғалімдері: математика пәні мұғалімі Г. Тұрғанова, бастауыш сынып мұғалімдері:  Айтбаева, Алтынбекова, Сұлтаналиева, биология пәні мұғалімі 

Б. Ахметжановалардың есімдерін мақтанышпен атауға болады. 

      Мектеп оқушылары  мен мұғалімдерінің мектеп  қабырғасындағы еңбегін ҰБТ көрсетеді десек, 2004 жылы  18 оқушы ҰБТ-ға қатысып, 70 –тен  жоғары балды  1-еу, 6 бала 40-тан төмен балл  алып, орташа балы  44 болып, 1 оқушы білім кредитінің иесі болса, 2005 жылы  ҰБТ-ға 16 оқушы қатысып,  100 ден жоғары 1 бала , 70тен жоғары  4, 40 тан төмен 2 бала ғана алып , орташа балы 53-ке жетті. 2 оқушы білім грантының иесі болып, 1 оқушы ерекше аттестат алды. Университет қабырғасында ақылы оқып жүрген Тұрмағанбетов жақында жақсы оқығаны үшін грантқа ауыстырылды. Мектеп мұғалімдері әрбір оқушымен жеке жұмыстар мен шығармашылық іс-әрекет жасай отырып, дарынды балалармен жұмыс жүргізіп , аудандық , облыстық іс-шараларға қатысуда. 

       Ауданда сәуір айында өткен Абай және Пушкин оқуларына қатысқан 4 оқушы аудан ішінде 2-ші орынды иеленді. 

      Шәкәрім мен Абай оқуларынан осы сәуір айында 1-ші орынды иеленсе , аудан көлемінде 15 бала қатысқан "Жігіт сұлтаны” байқауынан Ерманов Асылжан 1 орынды жеңіп алып ,облыстық "Жігіт сұлтаны”  байқауына 19 жігіт қатысқан ортадан 4-ші  орынды жеңіп алды. 

       Шығармашылық жұмыс адам тәрбиелеудің басты құралы. Шығармашылық өнер. Ал өнер,- адамды сұлулыққа , әсемдікке , жинақылыққа тәрбиелейді, рухани жан дүниесі бай адам тек қана алға ұмытылады. 2005 жылы Американдық "USAID” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған "Туған жер”, "Менің өлкем” тақырыптарына жазылған  шығармалары жүлделі орындарға ие болған 6 оқушы Қырғыз еліндегі "Арслан-баб” балалар демалыс лагеріне тегін жолдама алып, демалып қайтты. 

 

 

]]>

 

]]>
admin Sun, 03 Sep 2017 23:15:46 +0600